Көліктегі 5 адам Сырдария өзеніне батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктегі 5 адам Сырдария өзеніне батып кетті ©Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қызылорда облысында "УазФермер" автокөлігі мұз астына түсіп кетті. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында "УазФермер" автокөлігі мұз астына түсіп кетті. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні Арал ауданының Аманөткел елді мекені маңында болды. "Астана уақыты бойынша сағат 13.51 шамасында Сырдария өзенінде мұз үстінен өту барысында Арал ауданының тұрғындары А.Абдикеров (40 жаста), Н.Әбдікеров (23 жаста), Б.Оңғаров (35 жаста) , Б.Садықов (35 жаста) және Қазалы ауданының 41 жастағы тұрғыны А.Әбілов суға батып кетті", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, баспасөз өкілдері 17.40-та "УазФермер" автокөлігі мен оған тиелген "Урал" маркалы мотоциклі және көлікте болған 5 адамның мәйітінің жағаға шығарылғанын хабарлады. 

Көлік пен марқұмдардың мәйітін судан шығаруға Қызылорда облысы ТЖД-нің Судан құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы, 1 дана техника және 1 дана арнайы көтергіш (арнайы кран) техникасы жұмылдырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети