Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ҚазҰМУ студенті қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жігіт көз жұмды деген ақпаратты ауруханадағылар растады.
Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ҚазҰМУ студенті қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жігіт көз жұмды деген ақпаратты ауруханадағылар растады.
"Баланың түнде жүрегі тоқтап қалды. Жағдайы өте қиын болған. Қаншама донор болды, біз ол үшін барынша күрестік. Бірақ алған жарақаттары ауыр еді, барлығы сынған", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық № 4 аурухана қызметкері.
ҚазҰМУ "Жалпы медицина" факультетінің екінші курс студенті Асылбек Жұмабаев қосымша ақша табу үшін курьер болып жұмыс істеп жүрген кезде апатқа ұшыраған. 1 шілдеде оның мопедін жеңіл автокөлік қағып кетті.
Жігіттің өлімі туралы ақпарат, сондай-ақ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.
Асылбек Жұмабаев ауруханаға көптеген жарақаттармен ауыр жағдайда түскен. Жүздеген алматылық оған қан жинай бастады. Қан орталығына тек ол оқыған университет студенттері ғана емес, сонымен қатар, қаланың басқа да жоғары оқу орындарының студенттері келді.