Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясына қалдырылған Mercedes автокөлігін ұрлаған ер адам жаппай жол апаты болуына себепкер болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Райымбек даңғылы мен Сүйінбай даңғылдарының қиылысқан жерінде Opel мен Mercedes автокөліктері соғысқан. Жол-көлік оқиғасына тап болған көлік жөндеуші оқиға орнынан қашып кетпекші болған, алайда оны полицейлер ұстап алған. Полицейлер оның жеке куәлігін сұраған сәтте, болжаммен ол мас күйде болып, белсенді түрде қарсылық көрсеткен.
Осы кезде жол апатының салдарынан тағы екі автомобиль соғысты - Toyota жүргізушісі осы жол апатына көз тігіп қарап қалған болуы мүмкін, осылайша ол алдында келе жатқан Nissan Juke автомобиліне соғысқан. Соққыдан кроссовер Mercedes көлігін соққан.
Сол жерде тағы бір жол апаты болып Toyota Land Cruiser мен Mercedes көліктері соғысты.
Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.