Көлік үйілген топыраққа соғылды: Алматы облысында жол қызметкерлері жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік үйілген топыраққа соғылды: Алматы облысында жол қызметкерлері жазаланды Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

9 қарашада Шелек ауылында кәріз желілерін қайта жөндеу учаскесінде жол апаты болды. Мердігер ұйым қажетті ескерту белгілерін орнатпай, жолда топырақ пен үйінді қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол бойындағы топырақ пен үйіндіні байқамай, оған соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан зардап шегуші жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері жұмысқа жауапты қосалқы мердігердің жол жүру бөлігін ескерту белгілерінсіз қалдырып, қауіпсіздік талаптарын бұзғанын анықтады.

Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Компанияны қылмыстық жауапкершілікке тарту және айыппұл салу туралы шешім шығарылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети