31 наурыз 2017 | 09:40

"Көлікті көргенде есеңгіреп қалдық". Депутат екі адамның өмірін жалмаған жол апатын жасағанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Хайдар Қошанов екі адам қаза тапқан жол апатын жасағанын мойындады. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына марқұмдардың туыстары хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Хайдар Қошанов екі адам қаза тапқан жол апатын жасағанын мойындады. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына марқұмдардың туыстары хабарлады.

Еске салайық, бұл жол апаты 29 наурызда Оралда Жәңгірхан мен айналма жолдың қиылысында таңғы уақытта болған. Полицейлердің жазбасына қарағанда, Toyоta Land Cruiser 200 мінген депутат қосалқы жолақпен келе жатып, басты жолда келе жатқан 22 жастағы Вячеслав Лопухиннің тізгініндегі "Лада Приора" көлігіне жол бермеген. Жеңіл көлікте 63 жастағы әжесі Надежда Кондрашкина да болған.

Жол талғамайтын көлік "Приораны" соғып, бірнеше метрге сүйреп барған. Лопухин мен әжесі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, ал келесі күні қайтыс болған. Депутаттың өзі зардап шекпеді.


Қаза тапқандар - Вячеслав Лопухин мен Надежда Кондрашкина. © uralskweek.kz 


Полицейлердің ресми жазбасы. © uralskweek.kz

Басылым тілшілері Үлкен Шаған ауылындағы Лопухиндер әулетінің үйіне барды. Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға болған күні Вячеслав әжесін Самарадан үйіне алып келе жатқан. Надежда Кондрашкина зейнетке шықпас бұрын ауылда көп жыл бойы тіс дәрігері болып қызмет еткен.

Вячеславтың әкесі Владимир Лопухин 29 наурызда күндіз облыстық ауруханаға қайын атасы Юрий Кондрашкинмен бірге келгенін, сол кезде олармен Хайдар Қошановпен кездескенін мәлімдеді.

"Өз өзін таныстырып, кешірім сұрады, сосын оқиғаны өз мойнына алатынын айтты. Бүгі оның атынан әйелдер келді, кәсіпорынның есепшілері ғой деймін. Көңіл айтып, ақша беріп кетті", - деді марқұмның әкесі.


Облыстық мәслихаттың депутаты Хайдар Қошанов. © uralskweek.kz

Марқұм Надежданың күйеуі Юрий Кондрашкиннің айтуынша, жол талғамайтын көліктің соққысы қатты болған. "Көлікті көргенде, есеңгіреп қалдық. Көліктің жүксалғышында консервтер болған, олар езіліп қалған. Ауруханада дәрігерлер әйелімнің аяқ-қолы сынғанын, ішкі органдарына зақым келгенін және мұндай жарақаттар алған адамды құтқару мүмкін емес екенін айтты", - деп хабарлады ер адам. 


Қаза тапқан Вячеслав Лопухиннің шешесі анасы мен баласын жоқтап жатыр.  © uralskweek.kz / Рауль Упоров

Сондай-ақ, Владимир Лопухиннің айтуынша, ауруханада полиция қызметкерлері оған Хайдар Қошановтың наркологиялық қорытындысын көрсеткен. Жол-көлік оқиғасы кезінде депутат мас болмаған. 

"Полицейлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы қиылыста тұрған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеода джиптің Урал арқылы жаңа көпірден кел жатқаны көрінеді, менің балам тасжолмен қала жақтан келе жатқан. Полицейлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісінің кінәсі айдан анық көрініп тұр. Сол адамның өзі де бірнеше рет кінәні өз мойнына алатынын айтты", - деді ол.

Хайдар Қошанов "Болашақ-Т" ЖШС құрылыс компаниясының құрылтайшысы. Басылымның мәліметінше, 29 наурызда депутат премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сапарлап келетін кәсіпорынға бара жатқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети