"Көлікті сындырып, төбелес шығарған". Алматыда бұзақылар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көлікті сындырып, төбелес шығарған". Алматыда бұзақылар ұсталды видео кадры

Алматыда ер адам бөтеннің көлігін қасақана бүлдіріп, бір топ адаммен төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам бөтеннің көлігін қасақана бүлдіріп, бір топ адаммен төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның тұрақта тұрған көлікке жақындап, жүксалғышты күшпен жапқаны көрінеді. Содан кейін ол қолындағы затпен артқы терезені сындырып, көліктің бамперін теппек болады. Таныстары оны ұстап, алып кетуге тырысады, бірақ дес бермейді.

Ер адам қарсыласына пышақпен шабуыл жасамақ болғаны айтылады.

Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысушылар ұсталғанын хабарлады.

"Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар міндетті түрде жауапқа тартылады. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети