Қызылорда облысында "УазФермер" автокөлігі мұз астына түсіп кетті. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні Арал ауданының Аманөткел елді мекені маңында болды. "Астана уақыты бойынша сағат 13.51 шамасында Сырдария өзенінде мұз үстінен өту барысында Арал ауданының тұрғындары А.Абдикеров (40 жаста), Н.Әбдікеров (23 жаста), Б.Оңғаров (35 жаста) , Б.Садықов (35 жаста) және Қазалы ауданының 41 жастағы тұрғыны А.Әбілов суға батып кетті", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, баспасөз өкілдері 17.40-та "УазФермер" автокөлігі мен оған тиелген "Урал" маркалы мотоциклі және көлікте болған 5 адамның мәйітінің жағаға шығарылғанын хабарлады.
Көлік пен марқұмдардың мәйітін судан шығаруға Қызылорда облысы ТЖД-нің Судан құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы, 1 дана техника және 1 дана арнайы көтергіш (арнайы кран) техникасы жұмылдырылды.