Көліктерге пышақпен шабуылдаған астаналық видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда полицейлер өтіп бара жатқан көліктерге пышақпен шабуылдаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда полицейлер өтіп бара жатқан көліктерге пышақпен шабуылдаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға, кеше 8 маусымда болған. 

"​Түнгі уақытта Абай даңғылы мен Янушкевич көшесінің қиылысында пышақпен жүрген ер адам видеоға түсіп қалған. Ер адам өтіп бара жатқан көліктерге мас күйінде пышақ ала жүгірген. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оқиға орнына автопатрульдер жіберген", - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 29 жастағы ер адам ұсталып, Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети