Көлсай маңында жылқыны көлік қаққан апат: полиция мән-жайды айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлсай маңында жылқыны көлік қаққан апат: полиция мән-жайды айтты © instagram/taldykorganec.insta

Алматы облыстық полиция департаменті Кеген ауданы Саты ауылындағы жол апатына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық полиция департаменті Кеген ауданы Саты ауылындағы жол апатына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 22 маусымда сағат 6 шамасында болған.

"Саты ауылы Ұлтарақов көшесінде Audi 100 С4 маркалы көлігінің 43 жастағы жүргізушісі жылқыны қаққаны анықталды. Жол-көлік оқиғасында жүргізуші зардап шеккен жоқ. Апаттан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", - деді ведомство өкілі.

37 жастағы мал иесіне қатысты 615-баптың 1-бөлігі "Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидалары талаптарын орындамауы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кетейік, бап санкциялары екі айлық есептік көрсеткіш немесе 5 556 теңге мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Бұған дейін Audi жеңіл автокөлігі мен жылқы соқтығысқаны хабарланған болатын. Куәгердің оқиға орнында түсірге видеосы taldykorganec.insta парақшасында жарияланған.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriTV (@tengritv)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети