“Қолы қан-қан, газ кілтін ұстаған“. Алматыдағы сұлулық салонында ер адам жұртты дүрліктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы оқиға Бейнежазбадан кадрлар

Алматыдағы сұлулық салондарының біріне қолына газ кілтін ұстаған, қолынан қан аққан ер адам кірген. Оқиға туралы заңгер Анна Чернова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы сұлулық салондарының біріне қолына газ кілтін ұстаған, қолынан қан аққан ер адам кірген. Оқиға туралы заңгер Анна Чернова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біреуді өлтіріп қойсам ше?"

Ол жуынатын жерді көрсетуді сұраған.

"Әкімші одан сыпайы түрде кетуін сұраған. Алайда ер адам: "Біреуді өлтіріп қойсам ше?" деп жауап берген. Қорқып кеткен қыз оған дәретхананың есігін көрсеткен. Ер адам жуынып, кейін салоннан шығып кеткен. Әкімші бірден 102 пультіне қоңырау шалды", – делінген жазбада.

Полицейлер салонға келген күдікті ер адамды ұстаған кезде оның жанынан арматура мен пышақ табылғанын айтады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Заңгер | Анна Чернованың жарияланымы🇰🇿 (@pro.pravo.kz)

Полиция не дейді?

Алматы қалалық полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталып, ол жедел ұсталғанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мас болған.

"Ер адам дене жарақатын өзіне өзі салғаны анықталды. Видеодағы қан да өзінен аққан. Басқа адамдарға зиян келген жоқ. Ол айналасындағыларға қауіп төндірмеген", – деп хабарлады департамент.

Полиция оқиғаның мән-жайы жан-жақты тексеріліп, құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.73   543.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер