Қолын тілгілеп тастаған ақтаулық оқушы "Синий кит" ойыны жайлы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қолын тілгілеп тастаған ақтаулық оқушы "Синий кит" ойыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қолын тілгілеп тастаған ақтаулық оқушы "Синий кит" ойыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. 

Алтыншы сынып оқушысының айтуынша, ол өз-өзіне қол салуды көздейтін соңғы 50-ші тапсырманы орындағысы келмегенін айтып отыр. Қазіргі уақытта балаға психолог көмектесіп жатыр. Маңғыстаудағы мектептерде оқушыларға смартфон алып келуге тыйым салынған.

"Ойнап көргім келіп, "ВКонтакте" желісіндегі парақшама "Синий кит", "Я в игре", "Жду инструкцию" деп жаздым. Үш күндей күттім, бірақ маған ешкім хабарласпады. Ал бір апта өткеннен кейін менің досым жауап алыпты, сосын мен тағы жаздым, бірақ бұл жолы досымның "кураторына" жаздым. Кейін маған бірінші тапсырма берілді - қолымды тілгілеп, әріптер мен сандарды жазуым керек болды", - деп әңгімелейді жасөспірім.

Қолын 70 рет тілгілеген бала оны суретке түсіріп, ойын кураторына жіберген. Осыдан кейін баланың мектебіндегілер тілінген қолын көріп, дабыл қаққан.

"Мектепте тексеріс жүрген, сөйтіп, менің қолымдағы жараны көріп қойды. Сол кезде ойынды жалғастыратын ойым болған жоқ, аяқтаймын деп жүргенмін", - дейді бала.

Ал Маңғыстау облыстық білім басқармасындағылар қазіргі уақытта баламен психологтың жұмыс істеп жатқанын айтты. 

"Бұл Маңғыстау облысында болған жалғыз жағдай. Аймақтағы оқушыларға мектеп инспекторлары мен тәрбие жөніндегі педагогтар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық мектепте смартфон әкелуге тыйым салынған. Мектепке тек батырмасы бар ұялы телефон әкелуге рұқсат бар. Ата-аналар осы мәселеде біздің осы шешімімізді қолдап отыр", - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің жетекшісі Алмажай Райынбердиева. 

Айта кетейік, бала қолын 6 қаңтарда сабақтан тыс уақытта "Синий Кит" ойынының тапсырмасы бойынша тілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro