26 сәуір 2016 09:09

Қолына видеокамера ұстаған азамат шымкенттік полицейлердің мысын басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Шымкентте ер адам Сасбұқаев көшесінде "жол полициясы қызметкерлерінің жүргізушілерге қатысты арам пиғылды әрекеттерінің дерегін анықтады", - деп хабарлайды "ОСА" қоғамдық бірлестігінің сайты.


Шымкентте ер адам Сасбұқаев көшесінде "жол полициясы қызметкерлерінің жүргізушілерге қатысты арам пиғылды әрекеттерінің дерегін анықтады", - деп хабарлайды "ОСА" қоғамдық бірлестігінің сайты.

Тізгінде отырған ер адам жол ережесін бұзды делінген сылтаумен тоқтатылған. Инспектор өз әрекетін жол бөлігінде "Кірпіш" белгісі (3.1 белгісі - "Кіруге рұқсат жоқ") тұр деп түсіндіреді. 

Алайда, мұндай тыйым салатын белгі жол бөлігінде болмай шығады. Оның орнына 3.2 деген белгі ("Қозғалысқа тыйым салынған") тұрады, бұл белгі егер жүргүізуші осы территорияда жұмыс істейтін болса немесе тұратын болса кіруге рұқсат береді. Оқиғаны жүргізуші видеоға түсіріп, желіде жария етті.

"Осылайша осы учаскеде полицейлердің толтырған барлық хаттамасы заңсыз әрі қолдан жасалған және зардап шеккен жүргізушілер прокуратураға барып, бұл экипажды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ете алады", - деп жазады портал. 

 Ал ойда жоқта айыппұл арқалап қала жаздаған жүргізуші үйіне қайтарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети