Қомақты айыппұл: қазақстандықтарға белгіленбеген жерде отшашу ату салдары ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қомақты айыппұл: қазақстандықтарға белгіленбеген жерде отшашу ату салдары ескертілді ©️ depositphotos.com

Қазақстанда рұқсат етілмеген жерлерде отшашу ату шамамен 74 мың теңге айыппұлға әкеп соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда рұқсат етілмеген жерлерде отшашу ату шамамен 74 мың теңге айыппұлға әкеп соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Құтқарушылар мен полицейлер тағы да ескерту жасады: отшашуларды абайсыз қолдану қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

"Пиротехникалық бұйымдарды ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта қолдану керек. Көбінесе, статистикаға қарағанда, бұйым жұмыс істемей қалса, қызық болып, оны ашып көреміз. Осы кезде ол қайта іске қосылып, соның салдарынан жарақат алу жағдайлары кездеседі", – деп түсіндірді Алматы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин.

Жаңа жыл түні қайғылы жағдайлармен аяқталмауы үшін отшашуларды тексерілген дүкендерден сатып алу қажет. Тауардың сертификаты ғана емес, қаптамасына да назар аудару керек. Қаптама бүтін болуы тиіс. Ең бастысы – жарамдылық мерзімін қарау.

Құтқарушылар тауарды мұқият тексеріп, отшашуларды ашық ауада электр сымдары мен автокөліктерден алыс жерде жағуды ұсынады. Адамдар кемінде 50 метр қашықтықта болуы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети