27 қыркүйек 2014 | 15:58

Контрабандалық жолмен Ресейден келе жатқан 24 тонна мұнай өнімі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vesti.kz сайтынан алынды. Сурет vesti.kz сайтынан алынды.

Қазақстан шекарашылары контрабандалық жолмен Ресейден келе жатқан 24 тонна мұнай өнімдерін анықтады, - деп хабарлайды Мой Город


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан шекарашылары контрабандалық жолмен Ресейден келе жатқан 24 тонна мұнай өнімдерін анықтады, - деп хабарлайды Мой Город

ҰҚК-нің шекара қызметінің өкілі Манарбек Қаракеновтің айтуынша, 26 қыркүйек күні Оралдағы "Сырым" шекаралық бақылау бөлімі мұнай өнімдері тиелген Daf автокөлігінің жүргізушісін ұстаған. Тексеру барысында шекарашылар Ресей азаматының 24 тонна 300 келі болатын гудрон мұнай өнімдерін заңсыз жолмен тасмалдап бара жатқаны анықталған. 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Келісім бойынша мұнайдың бұл түрін екі ел арасында тасмалдауға тыйым салынған болатын.    

Сонымен қатар, қазақстандық шекарашылар көлікке көрсетілген межеден артық жүк тиелгенін де анықтады. Атамыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Шекара қызметі бұл жүктің кімге тиесілі екенін айтпай отыр. Шекарашылар бұл тергеу амалдарының құпиясы екенін де тілге тиек еткен. 

Естеріңізге саламыз, 2013 жылы шекарашылар мен полицейлер бірлесе заңсыз жолмен Ресейге тасмалданған 145 тонналық мұнай өнімін анықтаған еді. 4 жүк көлігімен кетіп бара жатқан Ресейлік азаматтар Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауылының маңында қолға түскен болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети