Көпбалалы әкенің әріптестері бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамның басындағы қиындықтары туралы айтты. Оның әйелі ауыр дертке шалдыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көпбалалы әкенің әріптестері бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамның басындағы қиындықтары туралы айтты. Оның әйелі ауыр дертке шалдыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылордалық Қуаныш Лепесбаев бес бала тәрбиелеп отыр, ол көмекке зәру. Өз тағдыры туралы біреуге шағымданғысы келмейді. Алайда оның әріптестері көпбалалы әкенің ауыр халінен хабардар, олар Tengrinews.kz тілшісіне ер адамның жалақы мен балаларының жәрдемақысына қалай күн көретінін айтып берді.
"Оның әйелі ауыр ауруға шалдыққан, жалақысы аз. Балаларын қамтамасыз етуге жетпейді. Жақында оған ақша жинадық, бірақ бұл жеткіліксіз", - дейді Қуаныш Лепесбаевтың әріптестері.
Облыс орталығының шетіндегі Тасбөгет ауылындағы шағын саяжайда көпбалалы отбасы тұрады. Үйде үш бөлме бар, есіктертің орнына көрпелер ілініп тұр.
Tengrinews.kz
Қуаныш Лепесбаев 1997 жылы әкесімен бірге Қызылордаға көшіп келген. Бұған дейін оның отбасы мал бағумен айналысқан. Көпбалалы азаматтың қарт әкесінің аяғы аурады, жұмыс істемейді, ұлымен бірге тұрады.
"Мен 2012 жылы үйлендім. Бірінші қызым 2014 жылы дүниеге келді, ол 9 жаста. Содан кейін тағы төрт бала дүниеге келді, ең кішісі үш жаста. Әйелім бір-екі жыл бұрын қатты ауырып қалды, мезгіл-мезгіл сайын ауруханада емделіп тұрады. Сондықтан оған, әкеме мен балаларыма қатысты барлық жағдай маған артылды. Мен мердігер компанияда бағбан болып жұмыс істеймін, 100 мың теңге аламын, оған қоса бес балаға берілетін жәрдемақы - 69 мың, бірақ бұл жеткіліксіз. Компания басшылығының арқасында мереке күндері маған үнемі көмектесіп тұрады, балаларға сыйлық беріледі, киім-кешек сатып алынады", - дейді 44 жастағы Қуаныш Лепесбаев.
Лепесбаевтардың үйінде екі-ақ жиһаз бар, оның бірінде Қуаныштың 73 жастағы әкесі жатыр. Балалар бөлмеде төселген матрацтарда ұйықтайды. Үй әлі жылы, бірақ көп ұзамай көмір таусылып, бөлмелер суытады.
"Жақында бірнеше қап көмір сатып алдым, қазір біреу ғана қалды. Айдың басында түсетін балаларға арналған жәрдемақыға тағы аздап алайын деп ойлаймын. Азық-түлік қоры жоқ, күнде қарызға аламыз. Қарызы көптерге дүкен тамақ бермейді. Күнде "Ұн, макарон, фарш 500-600 теңгеге алып, екіге бөліп, тамақ пісіремін. Кейде асқабақпен манты, тауық қосылған кеспе жасаймын", - деп жалғастырады көпбалалы әке.
Үйде балаларға жағдай жасалмаған. Ер адамның мектепке баратын үлкен қызы партаның орнына ескі сандық үстінде сабақ оқиды.
"Оларды барлық қажетті затпен қамтамасыз еткім келеді... Жалақының көп бөлігі тамаққа кетеді, сонымен қатар, балаларды мектепке дайындау үшін алған несием де бар. Әкемнің дәрілеріне, ортаншы қызыма - туа біткен жүрек ақауы бар, жақында ота жасалды. Үлкен балаларым орта мектепте оқиды. Кіші балаларым балабақшаға барады, екеуіне 16 мың теңге төлейміз. Міне, тіптен артық ақша қалмайды екен. Мен ештеңеге шағымданбаймын, қолымнан келгенше отбасымды асыраймын. Енді біреу көмір алып берсе. Қысқа төрт тонна және тамақ керек", - деді ер адам.
Қуаныш Лепесбаев жұмыс істейтін компания отбасының қиын жағдайын біледі және мүмкіндігінше көмектеседі.
"Қуаныш - өте жақсы, адал қызметкер. Ол бізде бірнеше жылдан бері жұмыс істейді, ешқандай арыз-шағым жоқ. Біз - ЖШС мердігер компаниямыз, бұл Қуанышқа көмегін тигізеді. Мысалы, оның үйіне шифер құлағанда, олар қалпына келтіруге көмектесті. Мерекелерге, Жаңа жылға сыйлықтар беріледі, балалары киіммен қамтамасыз етіледі. Ал жақында қазанда қызы екеуі Астанаға емделуге бармақшы болғанда, оған 63 мың теңгедей ақша жинап берді. Өкінішке қарай, көмірмен көмектесе алмаймыз", - деп атап өтті көпбалалы әкенің әріптесі.
Қуаныш Лепесбаевтың әлеуметтік желіде парақшалары жоқ, ол барлық қиындықты өзі көтере аламын деп ешкімнен көмек сұрамаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!