Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында тапаншалар мен оған арналған оқ-дәріні өткізбек болған рейс автобустарының екі жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚҚ Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Қордай" өткізу пунктінің жасағы мемлекеттік шекарадан "ПМ" маркалы екі тапанша мен оған арналған 9 патронды заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті. Қару Бішкек-Шымкент бағытындағы "Неоплан" жолаушылар автобусынан инспекциялық тексеру кешені және қызметтік итті пайдалана отырып жіті тексеру барысында табылды", - делінген хабарламада.
Қару жүк арасына жасырылған: қорапқа салынған теледидардың артқы жағына бекітіп қойған және куәгерлердің сөзіне қарағанда бұл жүк жолаушылардікі емес, оны беріп жіберген.