Қорғаныс министрлігі Атырау аспанында байқалған жойғыш ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады

қала үстіндегі әскери ұшақ Бейнеден кадр

Қорғаныс министрлігі Атырау аспанында ұшқан жойғыш ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін қала тұрғындары әскери ұшақты видеоға түсіріп алған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қорғаныс министрлігі Атырау аспанында ұшқан жойғыш ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін қала тұрғындары әскери ұшақты видеоға түсіріп алған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің Су-30СМ ұшағы қала аспанында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

"Мұндай ұшулар ұшқыштар құрамын даярлау аясында тұрақты өткізіліп тұрады және ол пилоттардың кәсіби дағдыларын шыңдауға, сондай-ақ авиациялық техниканың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық іс-шара бекітілген жоспарлар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Жарнама
Жарнама

Министрлік ұшудың штаттық режимде өткенін және қала тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмегенін атап өтті.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама