Қорғаныс министрлігі Атырау аспанында ұшқан жойғыш ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін қала тұрғындары әскери ұшақты видеоға түсіріп алған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қорғаныс министрлігі Атырау аспанында ұшқан жойғыш ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін қала тұрғындары әскери ұшақты видеоға түсіріп алған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің Су-30СМ ұшағы қала аспанында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындаған.
"Мұндай ұшулар ұшқыштар құрамын даярлау аясында тұрақты өткізіліп тұрады және ол пилоттардың кәсіби дағдыларын шыңдауға, сондай-ақ авиациялық техниканың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық іс-шара бекітілген жоспарлар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Министрлік ұшудың штаттық режимде өткенін және қала тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмегенін атап өтті.