09 қараша 2024 | 16:27

Қорғаныс министрлігі құлаған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ ТЖМ

Ақтөбе облысында тікұшақ құлаған жерге қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша министрдің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқаратын арнайы комиссия келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында тікұшақ құлаған жерге қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша министрдің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқаратын арнайы комиссия келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұшақ апатының алдын ала себебі техникалық ақау деп қарастырылып жатыр.

"Түпкілікті қорытынды тергеу жүргізілгеннен кейін жасалады. Зардап шеккен экипаж мүшелері қажет медициналық көмекпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген және мамандардың бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына материалдық төлем, барлық қажет қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Ми-8 тікұшақтары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Әуе қорғанысы күштерінің қолданысында. Техниканың бұл түрі 50-ден аса елде қолданылады және өзінің көп функционалдығы, сенімділігінің арқасында әлемдегі ең көп сұранысқа ие тікұшақтардың бірі.

"Бұл тікұшаққа соңғы күрделі жөндеу 2023 жылы Алматы қаласының 405 авиациялық-жөндеу зауыты базасында жасалды. Барлық регламенттік жұмыс, оның ішінде ұшу алдындағы дайындық нормативтерге сәйкес орындалды.

Тікұшақ экипажының да айтарлықтай тәжірибесі бар, күндіз де, түнде де қиын метеорологиялық жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларға тап болған кезде де тапсырмаларды орындау үшін кәсіби түрде дайындалған", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети