"Коронавирус жұқтырған жоқпын". Ақтөбеде аттас адамдардың Ashyq-тағы статусы ауысып кеткен

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Коронавирус жұқтырған жоқпын". Ақтөбеде аттас адамдардың Ashyq-тағы статусы ауысып кеткен Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе тұрғыны Ashyq жүйесіндегі "қызыл" статусына байланысты бірнеше күннен бері жұмысқа бара алмай, Ashyq жүйесіне қосылған нысандарға кіре алмай жүргенін айтты. Оның айтуынша, жүйеде қате кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Диапазон" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны Ashyq жүйесіндегі "қызыл" статусына байланысты бірнеше күннен бері жұмысқа бара алмай, Ashyq жүйесіне қосылған нысандарға кіре алмай жүргенін айтты. Оның айтуынша, жүйеде қате кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Диапазон" сілтеме жасап.

"Мен коронавирус жұқтырған жоқпын, бірақ Ashyq жүйесінен өзімді тексергенде "қызыл" статусқа ие екенімді білдім. Қазір бүкіл жерде Ashyq жүйесі қосылғандықтан жұмысыма бара алмаймын, түрлі нысандарға кіре алмаймын.

Коронавирус инфекциясын менімен аттас адам жұқтырғанын білдім. Екеуміздің толық аты-жөніміз бірдей, бірақ туған күніміз бен тұрғылықты мекенжайымыз әртүрлі. Ал деректер базасында оның ЖСН орнына, менің ЖСН енгізіп жіберген. Осындай қателік салдарынан, біреудің немқұрайдылығынан, ұқыпсыздығынан мен бірнеше күн бойы жапа шегіп жатырмын. Бұл дұрыс па? Шын мәнінде вирус жұқтырған адам қазір қалада еркін қыдырып жүр, ал мен үй қамақта отырмын. Бұл қалай?", - деді қала тұрғыны Алексей.

Емхана өз қатесін мойындаған, бірақ әзірге қатені ешкім түзеткен жоқ.

№4 емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы бұл қате жылжымалы бригада дәрігерінің деректерді қате енгізуіне байланысты болғанын айтты. Бұл дерек бойынша ішкі талдау жүргізілді. Бірақ әзірге бәрі нәтижесіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети