Көшеге соғыс ардагерінің есімін берген әкім айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көшеге соғыс ардагерінің есімін берген әкім айыппұл төлейді ©Susanin.udm.ru

Алматы облысында көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерінің есімін берген ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерінің есімін берген ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Райымбек аудандық прокуратурасы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау заңдылығына тексеру жүргізген. Тексеру барысында Жылысай ауылдық округі әкімінің 2014 жылдың 1 қарашасында көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері О.Жолдасбаевтың атын беру туралы шешім шығарғаны, бірақ оны облыстық әділет басқармасына тіркеуге ұсынбағаны, сөйтіп, заң талаптарын бұзғаны анықталды. 

"Аудан прокуроры Жылысай ауылдық округінің әкімі Әлдибековтің үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 457-бабының 1-бөлігімен әкімшілік ісі қозғалып, аудан сотының 15.01.2015 жылғы қаулысымен ауыл әкімі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 457-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде немесе 19 820 теңге айыппұл салынды", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети