Қостанай әкімі 13 жастағы бала қаза тапқан жол апатын бақылауға алуды тапсырды

27 Шілде 2015, 13:47
0
Қостанай әкімі 13 жастағы бала қаза тапқан жол апатын бақылауға алуды тапсырды - ©stnews.kz
©stnews.kz

Қостанай әкімі Ахметбек Ахметжанов 13 жастағы бала қаза тапқан жол апатын бақылауға алуды тапсырды, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары". Мас жүргізуші Маяковский көшесіндегі жаяу жүргінші жолында баланы қағып өлтірген.

"Тұрғындар қаладағы жаман жолдар үшін ұрысады. Маяковский көшесіндегі жол жаңа әрі жақсы, міне, көлікті зымырап айдайтындар осы жолдармен жөңкиді, ал ең қорқыныштысы - олардың тізгінге мас күйде отыруы. Бұл мәселені шешу керек!", - деді Ахметжанов аппарат отырысында. Ол ішкі істер бөліміне оқиғаны жан-жақты тергеп, оның қорытындысын қатаң бақылауға алуға тапсырма берді.

Еске салайық, Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 13 жастағы бала қаза тапқан болатын. Оқиға 25 шілдеде кешкі уақытта болды. Куәгерлердің айтуынша, бала жаяу жүргіншілер жолынан өтуге шақ қалғанда оны Audi автомобилі басып кеткен. Оның жылдамдығының жоғары болғаны соншалықты, көлік баланы бірнеше метрге дейін сүйреп, қақпаға соқты. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай