ТК-161/2 мекемесінің қызметкерлері электр шәйнектің ұстағышынан гашиш тапқан. Бұл туралы Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметкері Динара Молдабаева мәлімдеді, - деп хабарлайды "Алау" порталы.

Басылым мәліметінше, ТК-161/2 мекемесіне зат жіберілген. Мекеме қызметкерлері тексеріс жүргізген уақытта жазасын өтеп жатқан адамға арналған электр шәйнегінен есірткі табылған. Ол адам зорлағаны үшін 12 жылға сотталған.
"Қою жасыл түсті зат электр шәйнегінің ұстағышынің ішіне салынған. Сараптама қорытындысы бойынша мұның гашиш екенін анықталған. Салмағы 7 грамм", - деді Динара Молдабаева.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.