Қостанай облысында 10 автобус өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында 10 автобус өртеніп кетті Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Рудный қаласында автобус паркі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудный қаласында автобус паркі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 24 тамызда таңғы сағат 04:19-да болған.

"Рудныйдағы №2 өрт сөндіру бөліміне "Рудный Автотранс" ЖШС аумағында өрт шығып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар жолаушылар автобусы өртенгенін анықтаған. Олар басқа автобустарды қауіпсіз жерге көшіруді ұйғарды", - делінген хабарламада.

Осылайша, 12 автобус қауіпсізге жерге қойылған.

Мамандар өртті толығымен таңғы сағат 05:10-да сөндірген. 10 автобус өртеніп, 2 автобусқа зақым келген.

"Өртті сөндіруге Рудный қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен мемлекеттік емес мекеменің 2 техникасы, 18 маман жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course up  589.88  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети