Қостанай облысында 7 жасар қыз көліктен түсіп қалып, мерт болды, - деп хабарлайды Alau.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысында 7 жасар қыз көліктен түсіп қалып, мерт болды, - деп хабарлайды Alau.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 10 қарашада Фёдоров ауданында болған.
Басылымның мәліметінше, "ЗиЛ" маркалы көлік Придорожный мен Лысановка ауылы арасындағы тасжолда келе жатқан. Сол сәтте көліктің есігі ашылып кеткен.
"7 жасар қыз көліктен құлап кетіп, жүк көлігінің астына түсіп қалды. Оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады ведомстводағылар.