Қостанай облысындағы Затобол кентінде автокөлік жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды "Наша газета" порталы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлік тоқтаған сәтте асфальт опырылып түскен.
Қостанай облысындағы Затобол кентінде автокөлік жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды "Наша газета" порталы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлік тоқтаған сәтте асфальт опырылып түскен.
Басылымның мәліметінше, рульде әйел адам болған, ол салоннан шығып үлгерді. Бастапқыда автокөлік "асылып" тұрған, кейін толық түсіп кете жаздап, бір жағына қарай ауып кетті. Сонымен қатар, Затобол тұрғындары асфальттың астындағы топырақ біртіндеп шайылып кетуі мүмкін деп болжап отыр, себебі сол жерге коммуникация құдығы жақын орналасқан - ал асфальт ойық жерді жауып қана тұрыпты. Автокөлікті шұңқырдан манипулятор-кранмен алып шығуға тура келді.
© vk.com