Қостанай облысындағы Суриковка ауылы төрт күн ішінде түгелдей су астында қалды, - деп хабарлайды "Алау".
Қостанай облысындағы Суриковка ауылы төрт күн ішінде түгелдей су астында қалды, - деп хабарлайды "Алау".
Сайт мәліметінше, су жергілікті тұрғындардың кейбірінің үйінің шатырына дейін жетсе, кей үйлерді толықтай шайып кеткен. Қазір тұрғындар мен үй жануарлары жергілікті бастауыш мектепке эвакуацияланып жатыр. Қазір онда 40 адам орналастырылды. Жәбірленгендерге медициналық көмек көрсетіліп, аудандық бюджеттен ыстық тамақ пен суға ақша бөлінді.
Басылымның мәліметінше, ауылда құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Дегенмен ауылды су басу әлі де тоқтар емес. Су астында қалған үйлер саны онға жетті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай су тасқыны Суриковка ауылында соңғы рет 1941 жылы болған. Тұрғындар барлық мүлкінен айырылды. Олар тек үй жануарларын құтқарып үлгерді.
Сайттағы мәліметтерге сүйенсек, су басуға дамбының жарылуы мен ауылдың ылди жерде орналасуы себеп болған.
© Alau.kz