Қостанай облысында екі шенеунік пара алғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысында екі шенеунік пара алғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментіндегілер облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Жансейтов Д. есімді парақорды әшкереледі", - делінген хабарламада.
Жансейтов Д. есімді азамат қоластындағы бөлім басшысы Григоренко Ю. арқылы облыс аумағында бағдаршам нысандарын құру барысында орындалған жұмыстар актісіне қол қойып беру үшін жеке тұлғадан екі миллион теңге көлемінде ақша алған.
Ұлттық бюродағылардың мәліметінше, қазіргі уақытта Жансейтов пен Григоренко тағылған айыпты толықтай мойындап отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.