Қостанай облысында гуманитарлық көмекті тарату кезіндегі дүрбелең видеоға түсірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Орман өртінен зардап шеккен Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылы тұрғындарына гуманитарлық көмек таратылып жатқан сәттің видеосы жарияланды. Куәгер түсірген кадрларда көмек ешбір тізімсіз жүк көлігінен таратылып жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орман өртінен зардап шеккен Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылы тұрғындарына гуманитарлық көмек таратылып жатқан сәттің видеосы жарияланды. Куәгер түсірген кадрларда көмек ешбір тізімсіз жүк көлігінен таратылып жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода бір-бірін итеріп, жүк көлігінен азық-түлік алып жатқан адамдар тобы көрінеді. Адамдар айғайлап, құлап жатыр. Бір сәтте жүк көлігінде тұрғандар гуманитарлық көмекті көпшілікке лақтыра бастайды.

Аманқарағай әкімі Байтемір Исмаилов ауылға гуманитарлық көмек Қазақстанның түкпір-түкпірінен әкелінетінін айтты. Көп жағдайда көмектің бөлінуі тікелей әкімдік бақылауында. Бірақ, әкімнің айтуынша, гуманитарлық жүкті әкеліп, азық-түлік пен заттарды бақылаусыз тарататындар да бар.

"Бүкіл Қазақстанға гуманитарлық жүк үшін рақмет. Бізге жүк көлігі келгенде қайдан келгенін, кімнің жауапты екенін, телефон нөмірін, не әкелгенін, қанша тонна екенін жазып аламыз. Содан кейін тізімді аудан әкімдігіне өткіземіз, олар жалпы тізім жасайды. Бұл жазбаны біз жасаймыз. Жүк келгенге дейін бізге айтады, мысалы, Алматыдан көмек бара жатқанын. Сосын жүк көлігі келіп, еріктілер оны қоймаларға түсіреді. Сосын олар көмекті акт бойынша бізге тапсырады, қанша тонна, қандай зат, бәрін. Солай болуы керек. Біз қабылдаймыз, санап, алғысымызды айтып, тамақтандырып, қоштасамыз, олар кетеді. Бірақ кейбір жүк көліктері келеді, олар жүкті түсіруді тоқтатып, адамдарға тікелей тарата бастайды. Бірақ бұлай істеуге болмайды, бәрі сонда жүгіреді. Шыны керек, жүкті әкелгендер өздерін жарнамалап жатқандай. Олар адамдардың фонында өздерін суретке түсіріп алады: міне, біз таратып жатырмыз дегендей", - дейді ауыл әкімі Байтемір Исмаилов.

Қазір әкімдікте гуманитарлық көмек алатын мұқтаж жандардың үш тізімі бар. Бұл өрттен зардап шеккендер ғана емес.

"Өрттен 91 отбасы зардап шекті. Біз олардың аты-жөнін, телефондары, өртенген отбасында қанша бала бар екенін білеміз. Екінші тізім - мүлкі жартылай өртенгендер, бұл үйлері аман қалғандар, ал ғимараттар - ауласы, моншалары өртеніп кеткен. Олардың 70-і бар. Ал үшінші тізім - аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғыз басты зейнеткерлер және т.б. - 169 адам. Міне, үш тізім. Біз аз қамтылғандарға бір реттік акция жасап жатырмыз, олар бізге келді - оларға да көмек көрсеттік. Ал өрттен зардап шеккендерге үй салып бергенше 3 ай бойы азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Түсінесіз бе?", - дейді Аманқарағай әкімі.

Байтемір Исмаилов еріктілер мен гуманитарлық жүк әкелетіндерді халық арасында дүрбелең тудырмай, орталықтандырылған әрекетке шақырады. 

"Бізде азық-түлік жеткілікті. Тоңазытқышта ет, қоймада азық-түлік бар. Бізге құрылыс материалдары қажет: профиль қаңылтыр, шегелер, балғалар, тақталар. Үйлері аман қалғандардың қосалқы құрылыстары, қоршаулары өртеніп кетті, оларды қалпына келтіру керек".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro