Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны мыңнан асты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ascania-nova.org © ascania-nova.org

Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы Бас прокуратура, энергетика, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ішкі істер министрліктері хабардар етілді. Киіктердің жаппай қырылу дерегі бойынша облыс әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде аумақтық және республикалық өкілдерінен жасақталған штабтар құрылды.

"Бүгінде мамандар су, топырақ және биологиялық материалдардың сынамаларын алып жатыр. Киіктердің қырылу дерегінің себептерін анықтау үшін мерт болған жануарлардан патматериалдар алынып, республикалық ветеринариялық зертханаға жолданған. Алдын ала нәтижелер бір аптадан кейін жарияланады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, киіктердің жаппай қырылу дерегі аймақта соңғы рет Жангелді ауданында 2012 жылдың маусым айында тіркелген. Ол кезде 926 киік пастереллез жұқпалы ауруынан мерт болған. Алдын ала сараптама үш жыл бұрын болған жағдаймен ұқсастығын анықтап отыр. Яғни, қыстың ұзақтығы ағзасы әлсіреген жануарлардың инфекциялық ауруларға бейімделгіш болып, төлдеу кезінде мерт болған.

Еске сала кетейік, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері 11 мамыр күні Қостанай облысы Амангелді ауданы Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған шамамен 100 киіктің ұшасын тапты. Кейін мамандар Қостанай облысында киіктердің жаппай қырылуының себебін айтты. Ол кезде мамандар алдын ала мәлімет бойынша, жануарлардың жаппай қырылуының себебі - көтеремдік, деген болатын. 2014 жыл құрғақ болды, сондықтан бұл өңірде шөптің жетіспеушілігі байқалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro