Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды

Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл қатарда жатын орын және тамақ бар. 1800 адам эвакуацияланған. Мектептерде 200-ге жуық адам тұрақтаған. Көбі қауіпсіздігін тексеріп, өз үйлеріне оралған, қалғандары туыстарын паналаған.

Суреттер: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі 

Аймақ басшысының сөзінше, зардап шеккендердің жаңа үй салуға немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар. Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады.

Бүгінгі мәлімет бойынша, 108 ғимарат зардап шеккен, оның ішінде 98 үй толық өртенген. Қазір басты міндет өртті толық ауыздықтау екені айтылды.

Ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес шет қалмаған, олар зардап шеккендерге барлық жағынан көмектеседі. Жақын арада барлығы қолдау көрсете алатын қор ашу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында көлік, пойыз қозғалысы қайта жанданғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, ТЖМ өкілі өрт кезінде он адам зардап шеккенін айтты.

Кейінірек ТЖ министрі Юрий Ильин 86 жастағы ер адамның денесі үйінді астынан табылғанын мәлімдеді. Ал өрт аумағы 43 мың гектарға жеткен еді.

ТЖ басшысы Мемлекет тарапынан Қостанай облысында орман өрті кезінде зардап шеккен үйлерді тез арада қалпына келтіруге көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, өрт сөндіруге Қарулы Күштержұмылдырылды. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы көмек көрсету акциясын ұйымдастыратынын жариялады. Halyk bank Қостанай облысында орман өрті кезінде үйлері өртеніп кеткен отбасылар банктен миллион теңге көмек ала алатынын айтып, банк басшылығы үйлері жанып кеткен адамдардың Halyk Bank-тегі несиелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады.

Қару-жарақ дүкенінде 3 қыркүйекте шыққан өрттен қаза болғандар саны 4 адамға жетті. Бас прокуратура Қостанай облысындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, ТЖМ Қостанай облысы ормандарында өртсөндірушілер тілсіз жаумен қалай күресіп жатқанын көрсететін сурет, видео жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети