10 қыркүйек 2021 17:18

Қостанай облысында жоғалған 19 жастағы қыз өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© qostanay.tv © qostanay.tv

Қостанай облысында жұмыстан шығып, үйіне оралмаған 19 жастағы қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында жұмыстан шығып, үйіне оралмаған 19 жастағы қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Евгения Казачук Денисовский ауданының Перелески ауылында жұмыстан шыққан соң жоғалып кеткен. Соңғы рет қызды 25 тамызда көрген. Мәйіт ол жұмыс істейтін кафеден 150 метрдей қашықтағы орман плантациясында табылған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Денисовский ауданы, Перелески ауылының 19 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Іздеуге полицейлер, еріктілер мен туыстары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Жедел уәкілдер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейкі, бұған дейін Қостанай облысында 2002 жылғы Евгения Казачук жоғалып кеткені хабарлаған болатын. Іздестіру туралы ақпаратты "Дос" жедел-құтқару жасағының еріктілері таратты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети