Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел мен бала үсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел мен бала үсіп қалған Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысындағы ауыл шетінен әйел мен баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы ауыл шетінен әйел мен баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қызға іздеу жарияланған болатын. "Наша газета" басылымы мәліметінше, олар 26 желтоқсанда таңертең Степное ауылынан шығып, үйіне оралмаған. Полицейлер мен еріктілер жоғалғандарды бір тәуліктен аса уақыт іздеді. Іздеу жұмыстарына 120-дан аса адам тартылып, кинологтар жұмылдырылған.

27 желтоқсанда полиция Степное ауылы шетінен жоғалғандардың мәйіті табылғаны туралы хабарлады. Tengrinews.kz тілшісіне Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Жоғалған 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қызды табу мақсатында жүргізілген іздестіру шаралары барысында олардың тұрғылықты жерінен, ауылда үсіп қалған денесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, нәтижесі кейін белгілі болады", - деді Қостанай облысы ПД іздестіру бөлімінің бастығы.

Облыстық полицейлер қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Полицейлер жоғалған әйел мен қызды іздеуге қатысқандардың барлығына да алғысын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети