Қостанай облысында екі қыз із-түссіз жоғалды, олар - 18 жастағы Вероника Семегина және 17 жастағы Назгүл Сәдуақасова, - деп хабарлайды "Алау" порталы.
Қостанай облысында екі қыз із-түссіз жоғалды, олар - 18 жастағы Вероника Семегина және 17 жастағы Назгүл Сәдуақасова, - деп хабарлайды "Алау" порталы.
Назгүл Сәдуақасованың анасының айтуынша, онық қызы Затобольск ауылында әжесімен тұратын. Сенбіде, 26 қараша, қыз өзі оқитын Қостанай политехникалық колледжіне барып және анасына баратынын айтқан. Алайда қызы сол күйде жоқ.
"Жексенбіде мен оған SMS жібердім, қоңырау шалдым, ол тұтқаны көтеріп, барлығы жақсы және жақын арада келетінін айтты. Дүйсенбіде қоңырау шалдым, телефон әлі де істеп тұрды. Сейсенбіде біз ІІАБ-не арыз бердік. Оның құрбысы Вероника Қостанай индустриалды-педогогикалық колледжінде оқитын, ол да із-түссіз жоғалды. Оларды дүйсенбіде (28 қарашада) МАРТ сауда орталығында 20-25 жастағы жігіттермен жүргенін көрген", - деді жоғалған қыздың анасы.
Қыздардың ата-аналары, егер кімде-кім қандайда бір мәлімет білетін болса мына номерлерге хабарласуын өтінеді: 102 немесе 8 707 407 23 51; 8 707 111 56 33; 8 777 447 03 94.