Қостанай облысында қосалқы электр станциясы жанып жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Қостанай облысы Құсмұрын кенті маңында қосалқы электр станциясында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Құсмұрын кенті маңында қосалқы электр станциясында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі қосалқы электр станциясында таңертең ерте өрт шықты. Қосалқы станция бүкіл ауылды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Өрт аумағы - 70 шаршы метр, оны жеке құрамнан 40 адам сөндіріп жатыр. Трансформатор майы жанып кеткен.

"Электрмен жабдықтау Қарасу және Науырзым аудандарының электр желілерін қайта қосу арқылы ішінара қалпына келтірілді. Электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Әулиекөл ауданы әкімдігінің қызметкерлері.

Оқиға орнында Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары бастаған шұғыл қызметтердің жедел штабы құрылды. Қосалқы станцияның өзі Құсмұрын кенті мен Әулиекөл ауданының арасында, далада орналасқан. Өртті сөндіруге 6 техника, соның ішінде құмы бар пойыз, екі өрт сөндіру пойызы және өртке қарсы техниканың басқа да құралдары жұмылдырылды. Алдын ала ақпарат бойынша, трансформатор қысқа тұйықталу салдарынан жанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети