22 мамыр 2015 | 14:55

Қостанай облысында қырылып жатқан киіктердің саны 85 мыңға жетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қостанай облысында қырылып жатқан киіктердің саны 85 мыңға жетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, киіктер Ақмола облысында да қырыла бастады. Киіктер Жарқайың және Жақсы аудандарында өліп жатыр. Қазірдің өзінде өлі киіктердің саны мыңнан асты.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында қырылып жатқан киіктердің саны 85 мыңға жетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, киіктер Ақмола облысында да қырыла бастады. Киіктер Жарқайың және Жақсы аудандарында өліп жатыр. Қазірдің өзінде өлі киіктердің саны мыңнан асты.

Жалғасы

Бұған дейін 17 мамырда "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Бетпақдала таралымындағы 4 киіктің қырылуының алғашқы оқиғасы тіркелді. Соңғы деректер бойынша 2880 ұша көмілді. Ал Қостанай облысындағы жағдай тіптен қиын. Қостанай облысының Амангелді ауданында қазірдің өзінде 40 мыңға жуық киік ұшасы көмілді, мөлшермен тағы 20 мың өлген жануарды көму керек. "Сондай-ақ, Жангелді ауданында алдын-ала ақпарат бойынша 25 мың дарақ киіктің өлгені тіркелді. Киіктердің жаппай қырылуы олар төлдейтін және осы жануарлардың тұрақты мекендеу орыны болып табылмайтын өңірде болып отырғанын атап өту керек. Киіктер қысты республиканың Оңтүстік аймақтарында өткізіп, көктемнің келуімен Солтүстікке қарай қоныс аударған. Жалпы алғанда Қостанай облысы бойынша киіктердің қырылу саны шамамен 80-85 мың дараққа жетуі мүмкін. Киіктерді жинау және жою жұмыстарына 534 адам мен 93 техника бірлігі жұмылдырылған", - деп хабарлайды министрліктегілер.

Сонымен қатар, қазіргі кезде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың жаппай қырылу себептерін анықтауға көмек көрсету үшін сарапшылар жіберу жөнінде Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі хатшылыққа (Бонн Конвенциясы) ресми өтініш жасады. Бүгін Астанаға Ұлыбританиядан Корольдік Ветеринария колледжінің өкілі Ричард Кох келді. Сондай-ақ, зерттеу жұмысына Франкфурт Зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутар (Германия) тартылды. Бұған қоса АШМ Жалпыресейлік ветеринариялық микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтына хабарласып, жауап күтіп отыр (Покров қаласы).

Бұған дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы киіктердің қырылуының алдын-ала себебін атады, ол - пастереллез ауруы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети