Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты Фото: V-kurse.ru

Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlau.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlau.kz порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Денисов ауданы Фрунзе ауылында болған. Өрт салдарынан 2016 жылы туған қызбен, 2018 жылғы бала қаза тапты.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 14.00-де балалардың ата-анасы көршілес Аят ауылына азық-түлік алуға кеткен. Олар үйде шамамен 2 сағат болмаған. Үйге тек 16.00-де келген. Ата-ана есікті ашған кезде түтіннің иісін сезген.

"Олар балалар жатқан бөлмеге жүгіріп барып, алдымен ұлын, кейін қызын шығарды. Оқиға орнына бірден медицина қызметкерлері мен "Фрунзенское" ЖШС-ның ерікті өрт сөндіру бөлімі шақырылды. Алайда балалар 17.15-те көз жұмды", - дейді Қостанай облысы ТЖД басшысының орынбасары Азамат Өрімбаев.

Мамандардың болжамынша, балалар үйдің жатын бөлмесінде сіріңкемен ойнаған. Салдарынан өрт шыққан. Осы сәтте олар басқа бөлмеге қашқан. Алайда олар түтіннен уланып қаза тапқан.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысында өрттен 4 бала көз жұмған. Құтқарушылар қостанайлықтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети