30 сәуір 2019 12:58

Қостанай облысында полицей өмірімен қош айтыспақ болған ер адамды құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.tut.by © news.tut.by

Қостанай облысы Арқалық қаласында учаскелік инспектор ер адамды суицидтен аман алып қалды. Ер адамның жары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дереу әрекет еткені және кәсібилігі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Алау"

Оқиға Арқалық қаласының көпқабатты үйлерінің бірінде болған. Әйел өз үйіне кіре алмаған, есік іштен бұғатталған. Ол инспекторды жақсы танитын болғандықтан, дереу соған қоңырау шалған. Жолдасының үйде қамалып, есікте ашпай отырғанын айтқан. Оқиға орнына дереу полиция қызметкері аға лейтенант Әділбек Ағатанов пен капитан Дархан Тұрғанов жеткен. 

"Пәтер бірінші қабатта орналасқан. Полицейлер кіреберістің шатырына шығып, ер адамның өз өміріне қол салмақшы болғанын көрген. Есік пен терезелер жабық болған. Осы кезде полицейлер кездейсоқ өтіп бара жатқан жігіттен терезеден кіріп, есікті ашуын өтінген. Бірнеше минуттан соң құтқару операциясы сәтті аяқталған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адамды күрмеуден алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен", - деді полиция өкілдері. 

Қазіргі уақытта ер адам ауруханадан шықты, оған онда медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети