27 мамыр 2019 | 10:59

Қостанай облысында полицейлер бір жанұяны өрттен аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында полицейлер бір отбасын өрттен аман алып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында полицейлер бір отбасын өрттен аман алып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

2019 жылы 25 мамырда шамамен түнгі 1:30-да полиция сержанты Диас Құсымбаев пен аға сержант Александр Ильяшов Сарыкөл ауылында патрульдеу кезінде жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқанын көрген. 

Бұл туралы дереу кезекші бөлімге хабар жеткізілген. Құқық қорғау органдары қызметкерлері көмекке асығып, жанып жатқан үйге кіріп кеткен. Өрт сөндірушілер қызметі келгенге дейін полицейлер ата-анасымен үш кәмелетке толмаған баланы қауіпсіз жерге алып шыққан. Сондай-ақ, өртеніп жатқан үйден қызмбат заттарды да, құжаттарды және басқа да заттарды алып шыққан. 

"Мен өртті көрген уақытта, тек адамдарды құтқару туралы ойладым. Мен бұл үйде үш бала барын білетінмін. Мұндай жағдайға тап боғлан уақытта автоматты түрде іске көшесің", - дейді Александр Ильяшов.

Қазіргі уақытта адамдардың денсаулығына еш қауіп жоқ, өрт алдын ала мәлімет бойынша - қысқа тұйықталудан шыққан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети