29 шілде 2015 | 10:22

Қостанай облысында ірі жол апаты болды, қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nahnews.org © nahnews.org

Қостанай облысында ірі жол апаты болды, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында ірі жол апаты болды, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 25 шілде күні сағат 07.20-да болған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жангелді аудандық ІІБ-ға белгісіз біреу хабарласып, Торғайдан Арқалыққа дейінгі жолдың 74-шақырымында екі көліктің соқтығысып қалғанын айтқан. Оқиға орнына полицейлер мен санавицияның дәрігерлері шұғыл жетті.

"Lada 21705 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісінің рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткені анықталды. Соның салдарынан ол рулінде 24 жастағы жігіт болған Audi S4 көлігімен соқтығысты, жүргізуші қатты жараланған. Жол апатынан Lada көлігінде отырған 28 жастағы жігіт пен 23 және 21 жастағы екі қыз оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы көлікте отырған тағы бір 23 жастағы қыз бен Audi автокөлігінде отырған 28 жастағы әйел санавияциямен Қостанайға жеткізілді. Ал 16 жастағы оқушы қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, екі көліктің жүргізушісі де мас болмаған. Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети