Қостанай облысында ресейлік екі азамат Мемлекеттік шекара арқылы 40 келі күмісті алып өтпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысында ресейлік екі азамат Мемлекеттік шекара арқылы 40 келі күмісті алып өтпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылдың 1 қаңтары күні күндіз "Қайрақ авто" кеден бақылау жасағы 38 және 45 жастағы ресейлік ағайынды екі азаматты ұстады, олар Қазақстаннан Ресейге Lada Priora автокөлігімен бара жатқан. "Автокөлікті жіті тексеру барысында шекарашылар бензин багынан бөгде заттарды тапты. Одан ары сөзінен танудың еш пайдасыз екенін түсінген көліктің иесі, ағайынды екеудің кішісі бензин багында өңделмеген, плитка түріндегі 20 келі күмістің бар екенін мойындады", - деді Шекара қызметіндегілер.
Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтың астынан тағы бір түйіншек табылды, оған шамамен 7 келі күміс әшекейлер оралған. Осыдан кейін Қарабалық аудандық ІІБ тергеу тобы келіп, полицейлер бензин багын ашты.
"Олар ресейлік азамат айтқандай 20 келі емес, 33 келі күмісті алып шықты. Олардың қолында 4770 дана 64 зергерлік бұйымға бес жүкқұжат пен бес чек болды. Олар Дағыстан Республикасы Махачкала аумағында берілген", - деді баспасөз қызметіндегілер.