Қостанай облысында сотталушыны заңсыз түрде босатқан полиция қызметінің басшысы мен тағы үш қызметкер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Жітіқара ауданында болған. Жазаны өтеуден заңсыз босату әрекетін Жітіқара ауданының прокуратурасы тоқтата алған. "2017 жылдың 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түнінде аумақтық жергілікті ІІБ полиция қызметінің басшысы бұрын әкелінген тұлғаны әкімшілік қамауға алынған айыпталушылар камерасынан заңсыз шығарып, оған ішкі істер бөлімінен кетуіне көмек көрсеткен", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, енгізілген қадағалау актісі бойынша жергілікті полиция қызметінің басшысы және заңнама бұзушылықтарына жол берген оның үш полиция қызметкерлері тәртіптік деңгейде жазаға тартылды.