08 ақпан 2017 | 13:38

Қостанай облысында үш жастағы қыз түтіннен уланып, қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zt16.ru © zt16.ru

Қостанай облысында пештен істеп шығып, үш жасар қыз бала көз жұмды. Өткен тәулікте түтіннен уланған тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында пештен істеп шығып, үш жасар қыз бала көз жұмды. Өткен тәулікте түтіннен уланған тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қатты отынмен жанатын пештің ақаулығынан Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының тұрғыны түтіннен уалнып, ауруханаға жеткізілді. Осындай жағдай Қостанай облысында да болды. Онда пештен шыққан ақаудан Таран ауданының Тобыл ауылында бір отбасы толығымен ауруханаға түсті. Қайғылы жағдай болып, 2014 жылы туған қыз бала қаза тапты", - дейді ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Аймақтық БАҚ мәліметі бойынша, көз жұмған қыздың ата-анасы мен әпкесі ауруханаға түсті - Ер адам 1984 жылы туған, әйел 1986 жылы және қыз бала 2006 жылы туған.

"Біз әрдайым қатты отынмен жанатын пештермен абай болу керектігін айтамыз. Құрметті азаматтар! Алдын ала тексеру жасау арқылы сіздер өздеріңізді ғана емес, жақындарыңызды да "көзге көрінбейтін, иіссіз және түссіз жау" аталып кеткен түтін газынан сақтай аласыз", - деп еске салды Руслан Иманқұлов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети