Қостанай облысындағы 5 баланың өлімі: бас прокурор істі бақылауына алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы 5 баланың өлімі: бас прокурор істі бақылауына алды видео кадры

Қостанай облысының прокуратурасы Жітіқара ауданындағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің прокуратурасы хабарламасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының прокуратурасы Жітіқара ауданындағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің прокуратурасы хабарламасына сілтеме жасап.

2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 04:29 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайындағы жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Өкінішке қарай, өрт кезінде кәмелетке толмаған бес бала қаза тапты. Соталды тергеу басталды, өрттің алдын ала себебі - пешті қараусыз қалдыру. Оқиға орнында облыс прокурорының бірінші орынбасары Б. А. Бекбосынов жүр.

Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген Қостанай облысы прокуратурасы хабарламасында.

Қылмыстық істі тергеу барысы бас прокурор бақылауына алынды.

Қостанай облысында өрттен бес бала қаза тапты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети