06 тамыз 2014 | 12:09

Қостанай облысындағы лагерьде балалар жаппай ұшынып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қостанай облысында "Мерей" балалар лагерінен төрт бала өткір гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға түсті. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстың тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің жетекшісі Азамат Қамшымбаев хабарлады. Оның айтуынша, дәрігерлерден хабар келгеннен кейін балалар лагеріне осы ведомство мен ішкі істер органдарынан мамандар аттанды.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында "Мерей" балалар лагерінен төрт бала өткір гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға түсті. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстың тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің жетекшісі Азамат Қамшымбаев хабарлады. Оның айтуынша, дәрігерлерден хабар келгеннен кейін балалар лагеріне осы ведомство мен ішкі істер органдарынан мамандар аттанды.

Қамшымбаевтың айтуынша, балалар 4 тамыз күні ауырып қалған. Балалар лагеріндегі дәрігерлік пунктке құсып, жүрегі айныған, іші ауырған 40 жасөспірім хабарласқан. "Аурудың алдын алу үшін балалардың іші тазартылды. Біз шұғыл түрде Алтынсарин аудандық ішкі істер басқармасына хат жазып, тергеу жүргізуді сұрадық. Сарапшы ретінде өз мамандарымызды ұсындық", - деді Қамшымбаев. Департамент мамандары балаларға берілген тағамдардан сынамалар алған. Сонымен бірге, департамент Бас прокуратурамен "Мерей" лагеріне жоспардан тыс тексеру жүргізуді келісіп алғалы отыр. "Мен алдын ала мәлімет бойынша балалар астан ұшынды дей аламын", - деді Қамшымбаев.

"Мерей" лагерінде балалардың биылғы маусымдағы соңғы легі демалды. 6 тамыз күні мұндағылар үйлеріне қайта бастады. Лагерь басшысы Ғабит Құсайынов оқиғаны жаппай улану деп есептемейтінін айтты. "Кеше барлық қызметтер келді: прокуратура, СЭС, ішкі істер мамандары мен дәрігерлер. Оқиғаның себебін анықтауға тырысты. Қазір талдаудың нәтижесін күтіп отырмыз. Балалардың бәрі бірдей өнім жеді. Тағамға ешқандай кінә қойылған жоқ", - деді Құсайынов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы "Электроник" лагері дәрігерлердің назарына іліккен еді. Онда 11 бала астан ұшынып қалды. Оқиғаға мекеме қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы талаптарын сақтамауы себеп болғаны айтылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети