Қостанай облысындағы өрт: көлік, пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы өрт: көлік, пойыз қозғалысы қалпына келтірілді © instagram/ayliekol_qostanai_media

4 қыркүйектегі таңертеңгі деректер бойныша Қостанай облысы Аманқарағай ауылындағы мұнай базасы аумағында және Лесное ауылындағы өрт сөндірілді. Бензин мен дизель отынын сақтайтын құралдар жанбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ жедел штабына сілтеме жасап.

Аманқарағай ауылы мен Озерное ауылының тұрғын үйлеріндегі өрт оқшауланған, жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындар мен өртсөндірушілер арасында қаза болу және жарақат алу дерегі тіркелмеген.

Жексенбіде жарық кезде әуе барлауының қорытындылары бойынша күштер мен құралдар орман алқабындағы өрт ошақтарын сөндіруге және елді мекендерді қорғауға бағытталатыны хабарланды.

Жағдай жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар Р-36 тасжолында көлік қозғалысы және пойыз қозғалысы толық қалпына келтірілген (№82, 43, 51, 37, 622 пойыздар, барлығы - 908 жолаушы).

Жедел штаб мәліметінше, Қостанай облысында бір уақытта үш табиғи өрт сөндіріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети