01 қараша 2016 | 11:35

Қостанай орталығында жасөспірімді көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mozp.org © mozp.org

31 қазанда Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Алау" порталы. Бұл мәліметті облыстық ІІД баспасөз қызметі растап отыр. 


Иконка комментария блок соц сети

31 қазанда Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Алау" порталы. Бұл мәліметті облыстық ІІД баспасөз қызметі растап отыр. 

31 қазанда 8.00-де Қайырбеков көшесімен "Солнечный" супермаркетінің жанында Көкшетау қаласының 47 жастағы тұрғыны "ВАЗ 210" көлігін жүргізіп келе жатып, 16 жастағы қостанайлықты қағып кеткен. Ол жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Тағы бір оқыс оқиға туралы 102 нөміріне куәгер хабарласып, айтып берген. Әйел адам бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өтіп келе жатқан баланы Audi жүргізушісі қағып кеткені жөнінде хабарлаған. Оқиға Қостанай қаласының Гоголь мен Баймағамбетов көшелерінің қиылысында болған. Әйел адам баланы қаққан адамның көлігінің нөмірін жазып алған. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі жүргізушінің ұсталғанын хабарлады. Жүргізуші әкімшілік жазаға тартылады. Баланың денсаулығына зақым келмеді. 

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы Арқалық қаласында да болған. 31 қазанда 19 жастағы жігіт полицияға келіп, таңғы 7.00-де Абай даңғылының бойында жаяу жүргіншіге арналған жолда өзін "ВАЗ 2170" көлігі қағып кеткенін айтқан. Тізгінде 60 жастағы жүргізушінің болғаны анықталған. Жігіт қатты зардап шекпеген. 

Жітіқарада 25 жастағы мотоциклші жаяу жүргіншіге арналған жолда 39 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел адамның басына зақым келген. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети