Қостанай тұрғыны сатып алған "Яшкино" және Roshen кондитерлік фабрика кәмпиттерінің ішінен құрт шықты, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.
Қостанай тұрғыны сатып алған "Яшкино" және Roshen кондитерлік фабрика кәмпиттерінің ішінен құрт шықты, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.
Гүлім Нұрпейісованың айтуынша, ол кәмпиттерді қала дүкендерінің бірінен арнайы мерекелік дастарханға сатып алған екен. Бұл күні тәттіні көбіне балалар жеген, ал келесі күні оның алты жасар ұлы өзін жайсыз сезінген. "Мен дәрігер шақырттым, ол баланың асқазанында "бірдеңе тұрып" қалғанын айтып, оны жуу керектігін жеткізді. Осы кезде бір туысым хабарласып, "тәттінің ішінде не бар екендігін көрдің бе?" деп сұрады. Мен кәмпитті олар кететін кезде де таратқан болатынмын. Кәмпиттің ішін ашып қалсам, оның ішінде құрттар жүр. Тіпті оны дәрігер де көрді. Дәрігер бала осыдан ауырып қалуы мүмкін деп айтты. Және анализдерді зертханаға тапсыруға кеңес берді", - дейді Нұрпейісова.
Осыдан кейін Гүлім дүкенге барып, сатушыға кәмпиттің ішінде құрт жүргенін айтқан. Ол баласының емделуіне кететін шығынды және жекеменшік зертханада анализ тапсыру төлемін өтеп беруді сұраған. Ал сатушы бұған кінәлі еместігін, ол үшін кәмпиттерді жеткізушіге бару керектігін айтқан. Сатушы кондитерлік факрикаға қоңырау шалып, осыдан кейін дүкенге кәмпиттерді жеткізушінің өкілі келген. Ол заңгерлермен кеңесу керектігін айтқан. Арада біраз уақыт өткеннен кейін жәбірленушіге кондитерлік фабрика қызметкері хабарласып, оған шығынды өтеп бермейтіндігін жеткізген.
"Иә, біз бұл жағдайды білеміз. Кәмпитке не кіріп кеткенін білмеймін. Жеке өз басым оны көрмедім. Бірақ бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Бізге келіп тауарларды көрулеріңізге болады. Ал ол әйел негізі дүкенді тексерту үшін санитар дәрігеріне бару керек еді", - деді ("Ярче!" кәмпитін жеткізуші) "КДВ Қазақстан" компаниясы филиалының жетекшісі Андрей Бережной. Оның айтуынша, ол әйел жарты миллион теңге сұраған. Алайда Нұрпейісованың өзі мұны жоққа шығарып отыр. "Фирма өкілі маған кәмпиттерді айырбастау үшін ақша ұсынды, мен қайта сұрадым, олар шынымен маған 500 теңге бергісі келді ме? Әрине мен оған келісім бердім, өйткені анализдер мен баланың емделуіне бұл ақша жеткілікті болар еді, бірақ олар ақырында бұдан бас тартты", - деп түсіндірді ол.
Roshen компаниясының кәмпиттеріне құрт қалай кіріп кеткенін ақыры ол анықтай алған жоқ. Басылымның хабарлауынша, Қостанай аймағына тәттілерді жеткізуші кісі өз ісінен бас тартып, жұмыстан шығып кеткен екен. Ал оның орнына осыдан бір ай бұрын басқа адам келіпті. Дүкендегі сатушылардың болжамынша, бұл кәмпиттерді оларға жаңадан келген кісі емес, одан бұрын жұмыс істеп кеткен адам жеткізген. "Біз азын-аулақ келі ғана кәмпит аламыз, олардың бізде тұрып қалып, бұзылуы мүмкін емес. Осындай жағдайдың орын алғаны өте өкінішті, әрине", - дейді дүкен иесі Ольга Галиева.