© pixabay.com
Қостанайда 17 жастағы жігіт жоғалып кетті, - деп хабарлайды Alau.kz.
Қостанайда 17 жастағы жігіт жоғалып кетті, - деп хабарлайды Alau.kz.
Жоғалып кеткен жасөспірімнің әпкесі Елена Нефедованың айтуынша, Евгений 6 қарашада үйден шығып кетіп, сол күйі оралмады. Полициядағыларға өтініш берілді. Әпкесі оның курсқа кетіп, артынша жоғалып кеткенін айтып отыр.
"Ол дизель зауытында курстан өтіп жүрді. Сонда барып, қайтып келмеді. Сосын оны көрмедік. Өзімен бірге телефоны болған жоқ. Телефоны бұзылып қалған болатын", - деді ол.
Жасөспірім жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.