Қостанайда 18 жастағы студент газдан уланып қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда 18 жастағы студент газдан уланып қайтыс болды © kstnews.kz

Қостанайда 18 жастағы студент газдан уланып қайтыс болды. "Костанайские новости" басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға 10 желтоқсанда кешкі уақытта Железнодорожная көшесінде болған. 18 жастағы жігіт көліктің қосулы тұрған қозғалтқышындағы газдан уланған.

Кейінірек осы оқиғаның мән-жайы анықталды. Қайтыс болған жігіттің есімі Евгений екен. Ол № 16 лицейде электрмонтаждаушы мамандығы бойынша оқыған. Сол күні ол сүйіктісімен бірге туыстарының үйіне барған. Көлікті көлікжайға қалдырып, екеуі біраз әңгімелесіп тұрған. Нәтижесінде Евгений газдан уланып қайтыс болған. Ал қыз аман қалып, қазір ауруханада жатыр.

"Біз Женямен бала кезден бірге жүруші едік. Менің ең жақын досым болатын, енді оның жоқ екеніне сенгім келмейді. Ол өте ақкөңіл адам еді, ол мәңгі есімізде қалады", - деді қайтыс болған студент жігіттің досы Артем Масляк.

Алдыңда тұрған Женя досы Артеммен. © kstnews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети